Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ғылыми мақала секцияның ғылыми бағытына сәйкес келуі керек, түпнұсқа, өзекті, ғылыми жаңалыққа, болжамдардың дұрыстығына, орфография мен тыныс белгілерінің ережелеріне сәйкес келуі керек.

Мақаланы плагиатқа тексеру Автор мақалада плагиатын бар-жоғын тексеруді дербес жүзеге асырады және плагиатқа тексеруден өткені туралы анықтама ұсынады. Тексеруді antiplagiat.ru, exactus.ru немесе басқа тегін сервистер арқылы жүзеге асыруға болады.
Мақаланың өзіндік ерекшелігі кемінде 60% болуы керек.
Плагиатқа тексеруден өту туралы анықтама JPG (скриншот) немесе PDF форматтарында қабылданады, анықтамада мақаланың/автордың атауы анық көрінуі керек. Талаптарға сай келмейтін анықтамалар қабылданбайды.
Секцияның жауапты хатшысы ресімдеу ережелеріне және секцияның ғылыми бағытына сай келмейтін материалдарды, сондай-ақ плагиатқа тексеру нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған жағдайда қабылдамауға немесе қайтаруға құқылы.


Мәтіндік редактор Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010)
Мақаланың форматы rtf, doc
Мәтін көлемі 3-5 бет.
Шеттері үстіңгі, астыңғы – 2,5 см., сол – 3 см., оң – 2 см.
Қаріп Times New Roman, KZ Times New Roman
Қаріп өлшемі 12 pt
Жоларалық интервал бір (1,0)
Абзац шегінісі 1,0 см
Беттерін нөмірлеу жоқ
Мәтінді теңестіру тасымалсыз ені бойынша
Беттер үзіліс, колонтитулдар болмауы тиіс
Мақаланың бірінші жолы баяндаманың аты, оның астында бір аралықта, автордың тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері, атағы, лауазымы, жұмыс орны (толық көрсету) және кіші әріппен қаласы, содан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек
Кестелер жинақты шығаруға дайындық кезінде кестелерді редакциялауға мүмкіндік болу керек; кестенің ішіндегі мәлімет – 12 немесе 10 қаріпте болу керек, жоларалық интервал 1,0
Суреттер суреттер жинақты шығаруға дайындау кезінде оларды редакциялауға мүмкіндік беретін түрде (форматта) ұсынылуға тиіс, яғни суреттер мәтінде орын ауыстыруға және мөлшерін өзгерту мүмкіндігіне жол беруге тиіс. Суреттердің түпнұсқалары Microsoft Word мәтіндік редакторында жасалған суреттерден басқа IPG немесе PDF форматындағы файлдар болуы керек
Формулалар формулалар Microsoft Equation формула редакторында орындалуы керек
Әдебиет тізімі әдебиетке сілтемелер (мәтінде материалдар тік жақшада берілуі керек, мысалы: [1, 12-б.]). Әдебиеттер тізімі (Алфавиттік тәртіппен – алдымен отандық, содан кейін шетелдік авторлар немесе мәтінде атап өту ретімен) қолмен нөмірленеді (автоматты түрде емес). Әдебиеттер тізімін 10 дереккөзмен шектеу ұсынылады